Сәрсенбі күні KASE индексі 0,8%-ға 2426,7-ге түсті

Алматы. 17 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,85% -ға 2447,45-тен 2426,73-ке дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 3,1% өсіп, Т602,5 млн. немесе $1588,1 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (-2,3%), «Кселл» АҚ (-1,0%), «KEGOC» АҚ (-0,5%), «Қазақтелеком» АҚ (-1,0%), «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,8%) акцияларының бағасы түсті.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ мен KAZ Minerals PLC акцияларының құны өзгерген жоқ.

adimage