Сәрсенбі күні KASE индексі 0,29 %-ға 2313,21-ге түсті

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,29% -ға 2319,93-тен 2313,21-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 8,6% түсіп, Т636,2 млн. немесе $1636,3 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «Қазақстан Халық банкі» АҚ (+0,4%) және «Қазақтелеком» АҚ (+2,5%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,3%), KAZ Minerals PLC (-2%), «Кселл» АҚ (-0,7%), «KEGOC» АҚ (-0,2%), «Қазатомөндіріс» ҰАК» АҚ (-1,4%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,4%)бағасы түсті.

adimage