Сәрсенбі күні KASE индексі 0,21%-ға 2215,12-ге түсті

Күні: 18:50, 12-06-2019.

Алматы. 12 маусым. ҚазТАГ - Қазақстан қор биржасында (KASE) сәрсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексінің мәні 0,21% -ға 2219,83-тен 2215,12-ге дейін түсті.
Индекстің өкілетті тізіміне енгізілген акциялармен жасалған мәмілелер көлемі алдыңғы сауда-саттық күнімен салыстырғанда 1,9 есе түсіп, Т41,7 млн. немесе $108,5 мыңды құрады.
Биржа ақпаратына сәйкес, сауда барысында «қазақстан Халық банкі» АҚ (+1,7%), «KEGOC» АҚ (+0,1%) және «Қазақтелеком» АҚ (+0,2%) акцияларының бағасы өскен.
Ал «Банк ЦентрКредит» АҚ (-1,4%), KAZ Minerals PLC (-1,7%), «Кселл» АҚ (-0,4%) және «ҚазТрансОйл» АҚ (-0,6%) акцияларының бағасы түскен.


Жаңалықтармен бөлісу: