Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ - Сәрсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел тұрады. Ауа температурасы күндіз +29+31. Сондай-ақ ауа ластануының жағымсыз метеорологиялық жағдайы күтіледі.  
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, 0-5  м/с жел тұрады, +29+31.
Республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек атмосфералық фронталдық бөліктердің өтуіне байланысты республиканың батысында, солтүстік-батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді, екпінді жел тұрады, бұршақ жауады, солтүстік-батысында дауыл тұрады. Елдің солтүстігі мен шығысында түнде және ертеңісін кей жерлерде тұман түседі.  
Қостанай облысында кей жерлерде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді,  дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, 15-20 м/с жел тұрады, +18+23.
Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және ертеңгісін тұман, күндіз Солтүстік Қазақстан облысында өткінші жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін, бұршақ жауады, екі өңірде де +20+25.
Қызылордада ертеңгісін және күндіз, Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жел тұрады, Ақтөбе облысында түнде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, +33+38, +23+28. Павлодар облысында түнде және ертеңгісін кей жерлерде тұман, +24+29.
Қарағанды облысында кей жерлерде қатты ыстық күтіледі, +25+30.
Қызылорда, Түркістанда, Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Атырау,  Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарында төтенше өрт қауіптілігі сақталады.  
Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, сәйкесінше,  +28+33, +32+37, +34+39.
Маңғыстау, Атырау және батыс Қазақстан облыстарында жауын-шашынсыз, тек БҚО-да ғана түнде жаңбыр жауып, күн күркіреуі мүмкін,  +28+33, +29+34, +25+30.
Ақмола өңірінде өқткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді, +26+31.
Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында су деңгейі құбылып тұрады.


adimage