Сәрсенбі күні Ақмола облысында бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін

Астана. 20 тамыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Ақмола облысында бұршақ жауып, жел күшеюі мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«21 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші 15-20 м/с. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Көкшетау қ: 21 тамызда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

adimage