СҚО тұтынушылары электр энергиясы үшін Т383 млн астам қарыз

Күні: 18:48, 11-07-2019.

Петропавл. 11 шілде. ҚазТАГ – Солтүстік Қазақстан облысында электр энергиясы үшін тұтынушылар Т383 млн астам қарыз, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Севказэнергосбыт» ЖШС дебиторлық қарызы Т383,3 млн.құрайды. Былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда тұтынушылардың қарызы 1,9% төмендеген, ал 2019 жылдың басынан бері 2,8% өскен», - деді бейсенбіде «СевКазЭнерго» АҚ баспасөз қызметінен.
Компания ақпарынша, энергиямен жабдықтайтын мекеме алдындағы қарыздың жалпы сомасының көп бөлігін (44,9%) өңірдегі өнеркәсіп кәсіпорындары құрап отыр – Т172,3 млн.
«Жиналып қалған қарыз бойынша екінші орында - тұрғындар тұр, олардың қарызы Т155,6 млн (40,6%). Мемлекеттік органдар ұсынылған қызмет үшін Т53,2 млн (9,2 %) төлемеген. 2019 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ең көп қарыз болған – «Петропавл қаласы халықаралық әуежайы» АҚ (дебиторлық қарызы – Т82 млн астам) және «ЗИКСТО» АҚ (Т57 млн. астам)», - деп хабардар етті энергетиктер.
Олар атап өткендей, қарыздарын төлемейтіндерге қарсы ең тиімді шара – электр энергиясын ажыратып тастау болып отыр. Басқа да шаралар бар, мысалы, борышкердің мүлкін қамауға алу.
«Егер ірі заңды тұлғаның дебиторлық қарызы болса, оның тіркеу амалдарын жүргізуіне тыйым саламыз», - деп атап өтті «Севказэнергосбыт» ЖШС бас директорының МА Мағауия Сағандықов.


Жаңалықтармен бөлісу: