Петропавл. 22 шілде. ҚазТАГ – СҚО-да жемістен уланған үш бала жан сақтау бөліміне түсті, біреуі көз жұмды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«17 шілдеде жан сақта бөліміне үш бала түсті - сегізде, он бірде және сегіз айлық. Барлығы да уланған. Үлкен балалар айтқандай, олар белгісіз жемістерді жеген. Ауруханаға түскенде олар жүректері айнитынын, құсып, іштері өтетінін айтқан, барлығының шала қызулы температурасы болған», - деді облыстық балалар ауруханасының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Екатерина Живнодей.
Оның айтуынша, ауруханаға түскенде балалардың жағдайы өте ауыр болған. Оларға уытсыздандыру терапиясы жасалған. Келесі күні балалардың жағдайы жақсарып, олар нефрология бөліміне ауыстырылған.
«Қазір олардың денсаулығы жақсы, бүгін үйлеріне шығарылды», - деді Живнодей.
Петропавлдың Уәлиханов шалғай елді мекеніен баларады жткізген дәрігерлердің айтуынша, осы отбасындағы бес жасар тағы бір бала үйқысынан оянбай өліп кеткен.
Балалардың анасының айтуынша, ол бірден жедел-жәрдем шақырмаған, себебі өзінде де осыған ұқсас белгілер болған, сондықтан ол тамақтан уландық деп ойлаған.
Мамандар балалар улы қасқыр жидектен уланған болуы мүмкін дейді.
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02