СҚО-да алдағы екі тәулікке дауылды ескерту жарияланды

Астана. 14 қазан. ҚазТАГ – Алдағы екі тәулікке Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«16 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 15-16 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: күндіз 15-16 қазанда оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады күші 15-20 м/с күтіледі», - делінген дүйсенбіде таратылған ауа райы болжамында.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage