Алматы.27 қыркүйек.ҚазТАГ- Ұрлықтың басым бөлігі Алматы қаласында орын алады, деп хабралайды агенттік тілшісі.
«Қадағалаушы органның мәліметінше, елімізде 2023 жылдың 8 айында ұрлық саны азайған. 188-бап бойынша қылмыстық құқық бұзушылықтар үштен біріне дерлік азайды. Өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 42 752 оқиғамен салыстырғанда биыл 30 713 оқиға тіркелді»,- деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Бас прокуратура Қазақстан қалаларындағы ұрлық фактілері бойынша статистикалық мәліметтерді келтірді:
• Алматы – 7154;
• Астана – 3541;
• Алматы облысы – 2197;
• Қарағанды облысы – 2114;
• Қостанай облысы – 1519;
• Ақтөбе облысы – 1413;
• Шымкент – 1447.
Ұялы телефон ұрлығы 11 пайызға азайған. Қазақстан бойынша барлығы 7 967 осындай қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе, өткен жылы бұл көрсеткіш 8 984 болған. Негізгі бөлігі Алматыда орын алған.
• Алматы – 2287;
• Астана – 844;
• Алматы облысы – 576;
• Қарағанды облысы – 527;
• Ақтөбе облысы – 424;
• Абай ауданы – 431;
• Шымкент – 467.
«Көлік ұрлығының да төмендегені байқалады. Барлығы 197 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға азайған.Тұрғын үй тонау деректерінің де азайғаны байқалады. Мұндай қылмыстар 18 пайызға төмендеген, яғни былтыр 3303 оқиға болса, биыл 2707»,- делінген статистикада.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстандық бітімгерлер БҰҰ-ның марапатын иеленді
4 Қазан 2024, 16:59 -
Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің дербес құрамын бекітті
4 Қазан 2024, 16:16