Алматы. 15 тамыз. ҚазТАГ – РФ президенті Владимир Путин ҚХДР президенті Ким Чен Ынмен жеке кездесуге дайын екенін білдірді, деп жазады ТАСС.
Сәрсенбі күні ЦТАК агенттігі хабарлағандай, бұл туралы ресейлік президенттің 15 тамызда аталып өтетін Корея бостандығы күніне орай жолдаған жеделхатында айтылған.
«Екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін және маңызды өңірлік мәселелерді талқылау үшін сізбен жақын арада кездесуге дайын екенімді мәлімдеймін», - деп келтіреді ЦТАК жеделхат мәтінін.
Агенттік атап өткендей, РФ президенті «Мәскеу мен Пхеньянның РФ, ҚХДР және Корея Республикасы қатысатын үш жақты бағдарламаның орындалуын қоса алғанда өзара тиімді әріптестікті үздіксіз дамыта алатынына сенім білдірді».
Қатысты сілтемелер
-
Алматыда бизнес орталықта өрт шықты29 Наурыз 2024, 12:14
-
Көкшетауда Қылшақты өзені арнасынан шығып, 100 ден аса адам эвакуацияланды29 Наурыз 2024, 12:02