Ресейдің бірқатар өңірінде анықталған құс тұмауы қазақстандық өндірушілерге әсер еткен жоқ – сарапшы

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Ресейдің бірқатар өңірінде анықталған құс тұмауы қазақстандық өндірушілерге әсер еткен жоқ, деп хабарлады ҚР жұмыртқа өндірушілер қауымдастығының басшысы Максим Божко.  
«ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің құс тұмауы анықталған ресейлік фабрикалардың құс өнімдерінің импортына шектеу енгізгенінің арқасында қазақстандық өндірушілерге көршілерде орын алған эпидемия еш әсер еткен жоқ», - деді М. Божко бейсенбідегі брифингте.  
Ол атап өткендей, Ресейдегі құс тұмауына қатысты жағдайды «эпидемия деп айту қиын», оның айтуынша ол «аурудың бір реттік таралуы».
«Оны эпидемия деп атау қиын – бұл кей өңірлерде аурудың бір реттік таралуы, оларға жүйелі сипат тән емес», - деп түсіндірді қауымдастық басшысы.  
Еске салсақ, 25 шілдеде Қазақстан  құс тұмауы салдарынан Ресейдің бірқатар өңірлерінің құс өнімдерінің жеткізіліміне тыйым салған болатын. 6 шілдеде салынған тыйым ұзартылды.  


adimage