Алматы. 9 шілде. ҚазТАГ – Ресейден Қазақстанға Беларусиядан 70-ден астам жылқыны заңсыз алып өтпек болған, деп хабарлады Россельхознадзор баспасөз қызметінен.
«Омск облысы бойынша Россельхознадзор басқармасы Омск кеденінің қызметкерлерімен бірге «Черлакский» ШБП-де жылқылардың екі партиясы ұсталды (73 бас жылқы). Жылқыларды Беларусь Республикасынан Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасына жалған ветеринарлық-жөнелтпе құжаттары бойынша алып өтпек болған», - делінген хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, қазіргі таңда малдардың ары қарай жылжуы тоқтатылған.
«Олар оқшауланған қораға қамалды. Қажетті карантин шаралары жүргізілуде, істің мән-жайы анықталуда. Материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді», - делінген хабарда.