Ресей қорғанысмині Қазақстанға ресейліктерді қайтару туралы өтініш жасаған жоқ

Күні: 14:03, 28-09-2022.

Астана. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Ресей қорғаныс министрлігі Қазақстанға ресейліктерді қайтару туралы өтініш жасаған жоқ, деп хабарлады ТАСС.
«Ресей қорғанысмині ішінара жұмылдыру аясында Қазақстан Республикасы, Грузия, басқа да елдердің мемлекеттік органдарына сол жақтағы Ресей азаматтарын мәжбүрлеп қайтару туралы өтініш жолдаған жоқ, әзірлеп те, жоспарлап та жатқан жоқ», - деп мәлімдеді сейсенбі күні ресейлік қорғаныс ведомствосынан.
Сейсенбі күні Қазақстанның ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазақстандық биліктің жұмылдырудан қашқан Ресей азаматтарын қайтаруды жоспарлап жатпағанын мәлім етті.


Жаңалықтармен бөлісу: