Райымқұлова ҚР мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды

Астана. 17 маусым. ҚазТАГ - Ақтоты Райымқұлова ҚР мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Ақтоты Рахматоллақызы Райымқұлова Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалсын», - делінген дүйсенбіде Ақорда сайтында жарияланған хабарда.
Сондай-ақ, хабарланғандай «мемлекет басшысының Жарлығымен Арыстанбек Мұхамедиұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі қызметінен босатылды».
Бұған дейін мәжіліс Ақтоты Райымқұлованың ҚР мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалуын келіскен еді. Ол 2016 жылдан бері мәдениет және спорт вице-министрі қызметін атқарып келеді.
Еске салсақ, 2014 жылдан бері ҚР МСМ –ні Арыстанбек Мұхамедиұлы басқарған еді.

adimage