ҚР Конституциялық Кеңес мүшесі тағайындалды

Күні: 17:32, 13-08-2019.

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ- ҚР Конституциялық Кеңес мүшесі тағайындалды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Мемлекет Басшысының Жарлығымен Виктор Александрович Малиновский Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі қызметіне тағайындалды», - делінген сейсенбідегі Ақорда хабарында.
Еске салсақ, 63 жасар Виктор Малиновский 2007 жылдың тамыз айынан бастап ҚР Конституциялық кеңесінің мүшесі болып табылады, оған 2013 жылы қайта тағайындалған.


Жаңалықтармен бөлісу: