ҚР әділетмині Статиді өтірік айтты деп айыптауда және БАҚ-ты «ресми хабарлама жасалмайынша» оны жарияламауды сұрады

Астана. 12 тамыз. ҚазТАГ – Қазақстан әділет министрлігі молдавалық олигарх Анатол Статиді әдейі жалған ақпарат таратты деп айыптады және БАҚ-ты «ресми хабарлама жасалмайынша» оны жарияламауды сұрады.
«Бүгін Анатол Стати АҚШ-тағы процеске қатысты әдейі жалған ақпарат таратты. Әділет министрлігінің ресми ресурсында ресми хабарлама шықпайынша ештеме жарияламауларыңызды сұраймыз. Тиісті ақпарат жақын арада жарияланады», - делінген сәрсенбіде таратылған ресми хабарда.
Бұл ретте, әділет министрлігінің баспасөз қызметі ҚазТАГ ХАА-ға Статидің қандай «жалған ақпарат» таратқаны туралы ештеме айта алмады. Ашық дерек көздерінде соңғы аптада Қазақстанмен байланысты Стати туралы қандай да бір ақпарат табылмады.
Естеріңізге сала кетейік, молдовалық олигархтар Анатол мен Габриэль Стати 2010 жылы Қазақстанға қарсы сот ісін қозғады. 2013 жылдың желтоқсанында Шведтік арбитраж соты Қазақстан тараптың Қазақстанға салған инвестицияларына қатысты әділеттілікті қамтамасыз етпеу арқылы халықаралық құқықты бұзды деп тапты және 500 миллион доллардан астам шығын, сот шығындары мен пайыздарды төлеуге бұйрық берді. Содан бері бұл шешімді швед сот жүйесінің екі деңгейі, соның ішінде Швеция Жоғарғы Соты толықтай қолдады. Нәтижесінде Ұлттық қордың активтеріне қызмет көрсететін Нью-Йорк Меллон банкі, Нью-Йорктегі Меллон кастодиан-банкі 2017 жылдың желтоқсанында 22 миллиард доллар сомасындағы Қазақстан Ұлттық қорының активтерін тоқтатты.

adimage