ҚР-да ТЖ кезінде 4 млн астам маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді – Абаев

Күні: 17:57, 26-03-2020.

Астана. 26 наурыз. ҚазТАГ – Толқын Тәшімов. Қазақстанда төтенше жағдай (ТЖ) кезінде 4 млн астам маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді, деп хабарлады ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.
«Аталмыш қылмыстық және әкімшілік істер бойынша барлығы 4 млн астам медициналық маска мен 13 мың литр антисептик тәркіленді, олар денсаулық сақтау органдарына тапсырылды», - деді Абаев бейсенбідегі брифингте.
Қазір, оның айтуынша, барлық өңірде құрамында прокуратура органы, полиция және мемкіріс комитеті бар мобильді топтар жұмыс жасап жатыр.
«Олар бірге медициналық маска мен антисептиктерді рұқсатсыз және жоғары бағада сату деректерін анықтауда. ТЖ кезінде ҚР ҚК 214 бабы бойынша 15 тергеу амалы басталған. Ондай деректер Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарында анықталған. Елорда мен Ақтөбе облыстарында маскалар мен антисептиктерді заңсыз сатқандары үшін 40 адам әкімшілік жауапқа тартылған», - деді Абаев.


Жаңалықтармен бөлісу: