ҚР-да сирек кездесетін аурумен ауыратын балаларды дәрімен қамтуды ерекше бақылауға алды

Алматы. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстанда сирек кездесетін аурумен ауыратын балаларды дәрімен қамтуды денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ерекше бақылауға алды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
«Біз бүгін өте маңызды өзекті мәселені қарастырып жатырмыз. Көптеген себептерге байланысты жылдар бойы өз деңгейінде шешілмей келе жатқан мәселе. Бүгін біз осыған баса тоқталып, бұл мәселені шешуге ненің жетпей жақанын, қандай нормативті проблемалардың барын қарауымыз керек», - деді денсаулықминінің басшысы дүйсенбі күні орфандық аурумен ауыратын балаларды дәрімен қамтудың проблемалы мәселелеріне арналған онлайн-кеңесте.
Хабарда нақтыланғандай, бүгінгі таңда орфандық аурулар тізіміне 59 ауру кірген.
Диспансерлі науқастың электронды тізілім ақпары бойынша Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 25 қыркүйегінде мұндай диагнозы бар 13 863 бала есепте тұр.
«Өңірлердегі сирек кездесетін аурулардың жекелеген түрлері бойынша сапалы диагностика жасаудың болмауы оларды диагностикалық және емдеу бойынша проблемалардың бірі болып отыр. Оның үстіне мұндай проблемалар диагностикалаудың бірінші кезеңінде ғана емес, ары қарай бақылау және емдеу барысында да кездеседі», - деп жазды баспасөз қызметінен.
Сонымен қатар, тізілімді науқас туралы барлық мәліметтерді, соның ішінде оның ішетін дәрілерін, олардың мөлшері мен қабылдау жиілігін көрсете отырып жетілдіру керектігі де атап өтілді. Сондай-ақ, дәрімен қамтудағы негізгі проблемалар - ҚР-да дәрілердің тіркелмейтіні, оларды сатып алудың шекті бағасының белгіленбейтіні, «СК-Фармациядан» дәрелерді жеткізудің кешіктірілуі, жергілікті бюджет қаражаты есебінен дәрілермен қамту бойынша денсаулық сақтау басқармасы жұмысының жеткіліксіздігі.
Бұдан басқа кеңесте тағы бір мәселе қаралды – сирек аурумен ауыратын науқастарға арналған көптеген дәрілер Қазақстанда тіркелмеген.
«Мен түсінемін әр өңір бойынша дәрімен қамту мәселесін шешу қиын, біз денсаулық сақтау министрлігін саяси шешім қабылдап,бұл дәрілерді мәжбүрлі түрде тіркеуін сұраймыз», - деді ҚР-дағы бала құқығы жөніндегі уәкілетті Аружан Саин.
Денсаулық сақтау министрі Цой бұған ұқсас жағдайдың Қазақстанда коронавирус инфекциясы пандемиясы кезінде орын алғанын атап өтті, ол кезде өңірлерде қаржыландыру, ӨЖЖ аппараттарымен қамту немесе жедел-жәрдем шақыру, дәрілік препараттармен қамту қиынға соққан. Алайда қысқа мерзім ішінде барлығы шешілді – қаржы табылып, өмірлік маңызды дәрілерді сентификаттау мерзімі қысқарған.
«Бірінші кезекте бізге заңнамадағы қандай да бір өзгерісті күтпестен дәрілерді жеткізу мәселесін шешу керек. Біз ол дәрілерді кімнің жеткізетініне жеке қараймыз және оны ерекше бақылауға аламыз. Ол жеткізілімдерді жеке-жеке бақылап, дәрілердің Қазақстанға жеткізілуін, олардың жылдам тіркеуден өтуін қадағалайтын боламыз. Біз үшін қазір осы проблеманы шешу маңызды», - деді денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.


adimage