ҚР-да ауыл шаруашылығының жалпы қосымша құны бес жылда 55%-ға өскен – ҰЭМ

Астана. 23 қазан. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. ҚР-да ауыл шаруашылығының жалпы қосымша құны бес жылда 55%-ға өскен, деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
«Ауыл шаруашылығының жалпы қосымша құны бес жылда 55%-ға өсіп, Т5,1 трлн. жетті, негізгі капиталға салынған инвестиция 2,4 есе өсті, орталықтандырылған сумен қамту 64%-ға өсті», - деді Дәленов жұмадағы ауыл-аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы және олардың үйлесімді дамуының болашағы жайлы парламент тыңдалымында.
Оның айтуынша, елді-мекендерде, жалпы Қазақстан бойынша секілді негізгі көрсеткіштер өсіп жатыр.

adimage