Алматы. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Валентина Владимирская. 2020 жылдың сегіз айында Қазақстанда қолма-қол ақша алу 3,8%-ға қысқарған, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі.
«2019 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда қолма-қол ақшаны шешіп алу операциясының 26,7%-ға және көлемі бойынша - 3,8% қысқарғаны байқалады», - делінген Ұлттық банк ресми сайтында орналасқан хабарда.
Құжатқа сәйкес, 2020 жылдың сегіз айында қолма-қолсыз транзакция саны 2,3 есе өсіп, 1,6 млрд дейін жетті және сомасы – 2,5 есе өсіп, Т19 трлн жетті, ақшаны шешіп алу бойынша Т10 трлн сомаға 199 млн операция жасалған.
Қазақстанда қолма-қолсыз операциялар интернет және мобильді банкинг арқылы жүргізілген - 56% және 81% және POS-терминалдар - 44%. Қолма-қол ақша негізінен банкоматтар арқылы берліген – қолма-қол ақша беру бойынша операциялар көлемінің 92%-ы.