ҚР БҒМ жаңа басшысы тағайындалды

Күні: 15:41, 13-06-2019.

Астана. 13 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР білім және ғылым министрін тағайындады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметнен..
«Асхат Қанатұлы Аймағамбетов Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», - делінген бейсенбі күні Ақордада таратылған хабарда.
Сондай-ақ, хабарланғандай, мемлекет басшысының Жарлығымен Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинова Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметінен босатылды.
Тағайындаланға дейін 2019 жылдың қаңтарында Аймағамбетов Қарағанды облысы әкімінің әлеуметтік сала және ішкі саясат мәселелері жөніндегі орынбасары болған.


Жаңалықтармен бөлісу: