Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Оксана Скибан. Қазақстанның 3 өңірі өнеркәсіп бойынша жағымсыз аймақта қалуын жалғастыруда, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.
«Өңірлер бөлінісінде экономика саласында барлық жерде өсім бойынша жақсы қарқын байқалуда. өнеркәсіп бойынша 3 өңір жағымсыз аймақта қалуын жалғастыруда: Батыс Қазақстан (-2%), Түркістан (-3,6%) және Қызылорда (-5,3%)», - деді Т.Сүлейменов сейсенбіде үкімет отырысында.
Cондай-ақ, оның айтуынша, республикалық мәннен төмен көрсеткіш, 5,2%, 9 өңірде байқалуда, оларда өсім 0,3%-дан 4,8% дейін.
«Ауыл шаруашылығы бойынша барлық өңірде оң көрсеткіш сақталуда. Fлайда 6 өңірдің көрсеткіші республикалық орташа мәннен төмен – 3,5%. Құрылыс бойынша артта қалып келе жатқан өңірлер саны 2-ден 4-ке көбейді. Бұл ретте Атырау облысында алдыңғы аймен салыстырғанда жағдай жақсарған. Теріс мән -12,4%-дан -7,5% дейін қысқарған», - деп түсіндірді Т. Сүлейменов.
Сонымен қатар, министр айта кеткендей, инвестиция бойынша тек Павлодар облысынан басқа барлық өңірде инвестициялық ағындардың артуы байқалады.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды19 Сәуiр 2024, 18:02
-
Жапаровтың Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша 10 ға жуық құжатқа қол қойылды19 Сәуiр 2024, 16:57
-
Екіжақты келіссөздер өзара байланыстарды одан әрі дамытуға жол ашады- Тоқаев19 Сәуiр 2024, 15:48