Путин Назарбаевты Мәскеудегі футболдан ӘЧ ашылу салтанатына шақырды

Астана. 22 мамыр. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады ҚР президентінің баспасөз қызметінен.  
«Ресей басшысы Қазақстан Президентін Мәскеуде таяуда өтетін футболдан әлем чемпионатының ашылу рәсіміне қатысуға шақырды», - делінген сейсенбідегі Ақорда сайтындағы хабарда.  
Сондай-ақ, хабарланғандай, мемлекеттер басшылары әңгімелесу барысында екі жақты ынтымақтастықтың қазіргі мәселелерін талқылады.
.

adimage