Президент Тоқаев ҚР парламенті сенатының бірқатар депутаттарының өкілеттіктерін тоқтату және бірқатар депутаттарды тағайындау туралы жарлыққа қол қойды

Күні: 10:48, 13-08-2019.

Астана. 13 тамыз. ҚазТАГ – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР парламенті сенатының бірқатар депутаттарының өкілеттіктерін тоқтату және бірқатар депутаттарды тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады дүйсенбіде Ақорда сайтынан.
Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары: Сергей Николаевич Громовтың; Георгий Владимирович Кимнің; Дулат Рашитұлы Қосдәулетовтің; Төлеутайұлы Түсіпбековтің өкілеттіктері тоқтатылды.
Мемлекет Басшысының Жарлықтарымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед; Андрей Иванович Лукин; Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева; Ләззат Жаңылысқызы Сүлеймен; Дана Өмірбайқызы Нұржігітова; Қанатбек Бейсенбекұлы Сафинов тағайындалды.


Жаңалықтармен бөлісу: