Полиция Қостанайда футбол қақпасының балаға құлау дерегі бойынша тергеуді бастады

Күні: 17:10, 12-07-2019.

Алматы. 12 шілде. ҚазТАГ – Полиция Қостанайда футбол қақпасының балаға құлау дерегі бойынша тергеуді бастады, деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаменті (ПД) баспасөз қызметінен.
«Қостанайда футбол қақпасының құлауынан кәмелетке толмаған баланың дене жарақатын алу дерегінің өзі Қостанай қаласы ПБ-де тіркелген. Қазіргі таңда 371 бабы 2 бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деп хабарлады жұма күні полицейлер.
ПД ақпарынша, «тергеу амалдарының қажетті кешені жүргізілуде».
Оқиға 28 маусымда кешкісін балалар футбол ойнап жатқанда орын алған. Ішкі ағзалары қатты зақымданған, бауыры езілген бала ауыр жағдайда Қостанайдағы облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Балаға үш ота жасалған.


Жаңалықтармен бөлісу: