Петропавлда балаларды қорғау күні балалар аттракционында бірнеше адам зардап шекті

   Петропавл.2 маусым.ҚазТАГ- Петропавлда балаларды қорғау күні балалар аттракционында бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды «Петропавловск.Info».
  "Жұлдызқұрт" аттракционында жоғары температура мен үлкен жүктеме салдарынан аттракционда тежегіш істен шықты, нәтижесінде бірнеше кабина күрт тежелді. Келген қонақтартың жұмсақ тіндері көгерді. Бірнеше адам зардап шекті, оларға шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Олар үйлеріне жіберілді", – деді "Аттракциондар Әлемі" ЖШС.
   Атап өтілгендей, қазіргі уақытта аттракцион жұмыс жасап жатқан жоқ.
   «Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Жақын арада, Елордадан сарапшы келеді деп күтіліп отыр. Содан кейін ғана аттракционның одан кейінгі тағдыры белгілі болады. 2023 жылдың көктемінде барлық аттракциондар пайдалану маусымы басталар алдында мәдени демалыс объектілерінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі саласындағы тәуелсіз аттестатталған зертханамен техникалық диагностикалаудан өтті", – делінген хабарламада.

adimage