«Педагог мәртебесі туралы» жаңа заңға бюджетте Т1,2 трлн астам қарастырылған – ҚР БҒМ

Күні: 18:58, 10-10-2019.

Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. «Педагог мәртебесі туралы» жаңа заңға бюджетте Т1,2 трлн астам қарастырылған, деп мәлім етті Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
«Бюджетте Т1,202 трлн қарастырылған, бұл тек бюджет жобасында ғана. Қосымша үкімет тағы да қаржы бөлінуін қарастырып жатыр», - деді Аймагамбетов бейсенбіде сенаттағы заң жобасының таныстырылымында.
Сондай-ақ, министр атап өткендей, заң қабылданған жағдайда педагогтардың жалақысын 2024 жылы екі есеге өсіру білім саласының 500 мың қызметкерін қамтитын болады. Сонымен қатар 100 мыңнан астам педагогтың демалысы 42 күннен 56 күнге өседі.


Жаңалықтармен бөлісу: