Павлодардағы зоодүкеніндегі өрттен 20-дан астам ұсақ жануар өлді

Павлодар. 19 ақпан. ҚазТАГ - Павлодардағы зоодүкеніндегі өрттен 20-дан астам ұсақ жануар өлді, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Бөлек тұрған екі қабатты «Достар» дүкеніндегі өрт туралы хабар 19 ақпанда сағат 02.57-де №3 өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктіне келіп түскен. Дүкен Қамзин көшесі 114/2 мекен-жайында орналасқан. (…) ӨБ бірінші бөлімшесі келіп жеткенде оқиға орнында ӨБ-4 бір бөлімшесі жұмыс жасап жатыр екен. Олар саты арқылы екінші қабаттың терезесінен өртті сөндіріп жатқан. Дүкеннің есігін бұзып ашқан өрт сөндірушілер екінші қабатта ұсақ жануарлар мен құстарды сату бөлімінен қояндарды, тотықұстарды, суырларды, тышқандарды, тасбақаларды, жыландарды тапқан», - деп хабарлады сәрсенбіде Павлодар облысы ТЖ департаментінен.
Ведомствода атап өткендей, зоодүкенінде тоңазытқыш, жануарларға арналған ағаш жоңқалары мен құрғақ жем өртенген, сонымен қатар аспалы төбесі де өртеніп жатыр екен.
«Өрт шарпыған жалпы алаң 45 ш. м. құраған. 56 ұсақ жануар эвакуацияланған, түтіннен 21 жануар тұншығып қалған. Өрт бір сағат ішінде сөндірілді», - деді облыстық ТЖД-нен.

adimage