Павлодарда қонақүйдің жертөлесінен өрт шығып, 220 адам эвакуацияланды, зардап шеккендер бар

   Астана.8 желтоқсан.ҚазТАГ- Павлодарда қонақүйдің жертөлесінен өрт шығып, 220 адам эвакуацияланды, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазТАГ.
   «8 желтоқсан күні сағат 3.18-де 101 пультіне Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 1 мекенжайында орналасқан «Сарыарқа» қонақүйінің бірінші қабатынан түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт жалпы ауданы 8 шаршы метр жерді шарпыған», - деді Павлодар қаласы төтенше жағдайлар басқармасының бастығы Ренат Валишанов.
   Облыстық төтенше жағдайлар департамертінің мәліметінше, жанған заттардың түтінінен уланған1969 жылы туылған ер адам Павлодар қалалық бірінші ауруханаға жеткізілді.
   Оқиға орнына 5 техника мен ТЖД 25 қызметкері жұмылдырылды. Бұдан бөлек, Павлодар облысы кезекші өрт сөндіру қызметі мен жедел құтқару жұмыстары, медицина және апаттар орталығының қызметкерлері барды.
   Нысаннан 220 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 10 бала бар.
Тілсіз жау сағат 3:59-да оқшауланып, сағат 4:06-да толықтай жойылды.

adimage