Павлодар облысында бір жасар бала суы бар 10 литрлік ыдысқа құлап кетті

Павлодар. 2 тамыз. ҚазТАГ – Павлодар облысында бір жасар бала суы бар 10 литрлік ыдысқа құлап кетті, деп хабарлады ҚазТАГ.
«Демалыс күндері Павлодар облысында екі қайғылы жағдай орын алды. 1 тамызда сағат 18.00-де Ақсу ауылдық аймағының Пограничник ауылында 2020 жылы туған сәби үйде үлкендердің қараунысыз қалып, суы бар 10 литрлік ыдысқа құлап, тұншығып қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды»,- деді дүйсенбі күні Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Жасқайрат Каиров.
Сол күні Павлодарда Усолка өзенінде 22 жасар жас жігіттің мәйіті  табылды. Ол жүзіп жүріп батып кеткен. Куәгерлер бар.

adimage