Пара алғанын мойындаған «Алматы-1» теміржол стансасының басшысын ұстау шарасы қолданылмады

Күні: 18:13, 11-07-2019.

Астана. 11 шілде. ҚазТАГ – Пара алғанын мойындаған «Алматы-1» теміржол стансасының басшысын ұстау шарасы қолданылмады, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен.
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ филиалының Алматы бөлімшесі «Алматы-1» стансасы басшысының пара алу фактісі анықталды. Ол кедергісіз тексеру мен жалға алынған контейнерлерді қайтару үшін жеке компания өкілінен 370 мың теңге сомасындағы параны делдал арқылы алды деген күдікке ілінді. Кінәні толық мойындауына байланысты күдіктілерді процессуалды ұстау шарасы қолданылмады», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, тергеу амалдары жалғасуда.


Жаңалықтармен бөлісу: