Қостанайда қару-жарақ дүкенінде болған жарылысқа байланысты Қару-жарақ палатасының директоры 5 жылға сотталды

   Қостанай.2 маусым.ҚазТАГ- Қостанайда қару-жарақ дүкенінде болған жарылысқа байланысты Қару-жарақ палатасының директоры Сергей Бескровный 5 жылға сотталды, деп хабарлайды «Алау».
  "Қылмыстық іске қатысты айыпталушы Сергей Бескровный "Сатурн 2012" ЖШС мен "Оружейная палата" дүкенінің иесі болған. Оған "Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет" бабымен айып тағылған. Өрт салдарынан Кравченко, Ефимов, Неводничий мен Мырзабеков көз жұмды, сонымен қатар 6 адам жарақат алып, 491 031 129 теңге көлемінде азаматтардың мүлкіне зақым келген. Сергей Бескровный 5 жылға сотталды, жазаны қауіпсіздігі төмен мекемеде өтейді", – делінген жұма күнгі хабарламада.
   Еске салайық, 2022 жылдың 3 қыркүйегінде Қостанайдағы қару-жарақ дүкенінде жарылыстан кейін өрт шыққан болатын. Құтқару жұмыстары 15 сағатқа созылды. Жарылыс көршілес сауда нысандары мен тұрғын үйлерге де зақым келтірген. Дүкеннің төрт қызметкері қаза тауып, 11-і жараланды.

adimage