Алматы. 19 сәуір. ҚазТАГ - Қостанай облысы Наурызым мемлекеттік табиғи қорығындағы (НМТҚ) өрт дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.
«Өрт орнында Қостанай облысы ІІД жедел-тергеу тобы жұмыс жасап жатыр. ҚР ҚК 292 бабы бойынша (өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы) қылмыстық іс қозғалды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, «Қостанай облысы бойынша Қазгидромет» РМК метеостанциясының Қараменді ауылындағы филиалының ақпарынша, желдің екпіні 19 м/с жеткен.
Еске салсақ, 18 сәуірде, сағат 16.38-де Наурызым ауданында, Ақбұлақ ауылынан 15 км жерде ашық аумақтағы және ішінара НМТҚ аумағында құрғақ шөп өртенді. Өрт алаңы 500 га. Құрғақ шөптің өртенуі 19 сәуір күні сағат 02.10-да ауыздықталды. Елді мекен мен орман массивіне қауіп төніп тұрған жоқ. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34