Ораза ұстауға тыйым салмаймыз – ҚМДБ

Астана. 2 сәуір. ҚазТАГ – 25 сәуірде мұсылман күнтізбесі бойынша барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы басталады, ислам дінін ұстанушылар ораза тұтады, 2020 жылы оған қатысты қандай шаралар қолданылуы мүмкін, ол туралы Қазақстан Мұсылмандар діни бақармасынан айтты.
«Ораза – міндетті түрде тұтылуы тиіс, сондықтан оған ешкім тыйым сала алмайды. Ал бірақ Қазақстанда ораза тұтып жатқандарды ауызашарға шақыруға тыйым салынуы мүмкін», - деді ҚазТАГ ХАА тілшісіне бейсенбі күні ҚМДБ діни-ақпараттық орталығынан.
Сонымен қатар, коронавирус жағдайына орай Рамазан айында оқылатын тарауих намазын - таң намазын жамағат болып оқуға тыйым салынуы мүмкін.
«Ақырғы шешім әлі қабылданған жоқ. Ресми шешім Ораза айына жақындағанда шығарылады. ҚМДБ ресми түрде әлі хабарлайды. Алда әлі 20-25 күн бар, әлі уақыт бар», - деді діни басқармадан.
Рамазан айы 2020 жылы 25 сәуірде басталып, 24 мамырда аяқталады. Бір ай бойына ислам дінін ұстанушылар таң атқаннан күн батқанға дейін ас-су ішпейді, нәпсісін тыяды, бар назарларын Аллаға құлшылық етуге жұмсайды. Қадір түні 2020 жылы 21 мамырға сәйкес келіп отыр. Ораза айтты мұсылман қауымы 24 мамырда атап өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгіннгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 423 жағдайы тіркеліп, 26-сы жазылып, үш адам көз жұмды.

adimage