Оралда алкомаркеттен 10 млн теңгенің вейпі тәркіленді

Орал. 13 қыркүйек. ҚазТАГ- Оралда алкомаркеттен 10 млн теңгенің вейпі тәркіленді, деп хабарлайды ішкі- істер министрлігінің ресми интернет- ресурсы.

"Тексеру кезінде одан 1099 вейп және 1300 сұйықтық табылып, тәркіленді. Тәркіленгендердің құны 10 млн теңгеден асады", - делінген жұма күнгі хабарламада.

Қалалық полиция бөлімінің жедел-іздестіру тобы "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Telegram мессенджері арқылы вейп және оларға арналған сұйықтықты таратумен айналысқан 25 жастағы Орал қаласының тұрғынын ұстады.

Сонымен қатар полицейлер сатуға тыйым салынған электронды темекіні заңсыз сатумен айналысқан облыс орталығының екі тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде 10 электронды темекі және 1 қорап шегілетін сұйықтық табылып, тәркіленді.

Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Telegram канал арқылы сатуға тыйым салынған электронды темекілерді заңсыз сатумен айналысқан такси жүргізушісін ұстады.

 Одан 8 электронды темекі тәркіленді. Жоғарыда аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Фото көзі: Пресс-служба департамента полиции


adimage