Орал – Атырау тас жолында жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапты

   Орал. 24 маусым. ҚазТАГ – Орал-Атырау тас жолында болған жол апатында жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды «Мой город».
  «Орал-Атырау тас жолының 41-ші шақырымында Үлкен Шаған ауылының маңында Daewoo Nexia мен ВАЗ соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы туралы ақпаратты Көшім ауылдық округінің әкімдігі растап, оқиға салдарынан ВАЗ көлігінің 1988 жылы туған жүргізушісі қайтыс болғанын хабарлады», - делінген хабарламада.
  БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.

adimage