Қорғалжын қорығы ЮНЕСКО –ның биосфералық қорықтарының бүкіләлемдік желісіне қосылды

Күні: 20:37, 12-07-2012.

Астана. 12 шілде. ҚазТАГ – Қорғалжын қорығы ЮНЕСКО – ның (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі біріккен ұлттар ұйымы) биосфералық қорықтарының бүкіләлемдік желісіне қосылды», - деп хабарлады Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің (СІМ) баспасөз қызметі.

«11 шілдеде ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасының халықаралық үйлестіруші кеңесі Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығының алғашқы өтінішін  ЮНЕСКО – ның биосфералық қорықтарының бүкіләлемдік желісіне қосты», - делінген бейсенбі күні таратылған баспасөз хабарламасында.

СІМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, «Қорғалжын» биосфералық қорығы Еуразияның құрғақ шөл зонасының бірегей ландшафттары мен жағалауымен қоса тұщы және тұзды сулы жерлерін қамтыған табиғи кешенді құрайды.

Қорықтың аумағы Қазақстанның басқа бөліктерінде азайған шөл дала табиғи  экожүйелерінің эталондық учаскелерін сақтайтын орын болып табылады.

Қорғалжын  Орталық Қазақстанның шөл дала зонасында, Орталық Азия -Үнді және Сібір - Шығыс Африкалық ұшатын құстардың миграциялық жолдарының қиылысында орналасқан және Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Азия үшін халықаралық маңызы зор  сулы-батпақты алқап саналады.


Жаңалықтармен бөлісу: