Олеся Кексель Қазақстан бас прокуратурасында жұмыс жасауын тоқтатты

Астана. 23 мамыр. ҚазТАГ – Олеся Кексель Қазақстан бас прокуратурасында жұмыс жасауын тоқтатты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ол бас прокуратурада жұмыс жасамайды», - деп хабарлады бейсенбіде бас прокуратура call-орталығынан ҚазТАГ ХАА тілшісіне.
Қазір Кексель қайда жұмыс жасайды деген сұраққа ведомствода ондай ақпарат жоғын айтты.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Кексельдің Қазақстаннан кеткені жөнінде хабар тараған. Таратылған хабарда ол сенатор Қайрат Қожамжаровтың «сүйеуіндегі адам» делінген.
Хабар авторлары Кексельдің «бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтың ісі бойынша тергеу тобын басқарғанын» атап өтті.
«Тергеу амалдары аяқталғаннан кейін Кексель мансабы бойынша қарқынды көтеріле бастаған», - делінген хабарда.
Еске салсақ, Кексель 2018 жылдың қаңтарында бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің басшысы болып тағайындалған, ал оған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы тергеу департаменті басшысының орынбасары болған. Экс-премьер Ахметовтың ісінен басқа Кексель бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бішімбаевтың ісі бойынша тергеу тобын басқарды, ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қожамжаров наурызда сенат депутаты болды, оған дейін 2017 жылдың желтоқсанынан бері Қазақстан бас прокуроры болды. Бұған дейін ол ҚР мемқызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарған.

adimage