Астана. 27 мамыр. ҚазТАГ – 2016 жылы қоластындағыларын қойға теңеген 52 жасар Мәди Отарбаев БҚО мемлекеттік сәулет-қала құрылысы басқармасына басшы болып тағайындалды, деп хабарлады «Мой город».
«Конкурстық комиссияның шешімі бойынша Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік сәулет-қала құрылысы басқармасының басшысы болып Отарбаев Мәди Жангелдіұлы тағайындалды», - делінген хабарда.
2016 жылы Отарбаев ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған еді. Сол кезде шенеунікке қоластындағыларға «қойшы керек қойсыңдар» деп дөрекілік танытқаны үшін қатаң сөгіс жарияланған еді. Қызметкерлер шенеуніктің айтқан сөзін жазып алып, ұжымдық шағым түсірген. Отарбаевқа қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жаза қолданылған.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08