Оба кезіндегі тендер – коронавирус кезінде Тоқаевтың уәдесіне қарамай мемқаржысы қалай шашылып жатыр

Алматы. 10 тамыз. ҚазТАГ – Коронавирус өршіп тұрған көктемде денсаулық сақтау министрлігінің PR-ға $2,5 млн және салауатты өмір салтын насихаттауға Т65 млн астам жұмсағалы жатқаны белгілі болды, ал шілде айының басында экс-мәжілісвумен Айгүл Соловьева денсаулық сақтау министрлігінің PR-ға сол кездің өзінде Т700 млн. жұмсағанын мәлімдеді. ҚазТАГ пандемия басталған бойдан бірден коронавирус өршіп тұрғанда шенеуніктердің халық ақшасын қайда жұмсап жатқандары туралы хабардар ету үшін мемсатып алу порталына күн сайын мониторинг жасауға кірісіп кетті. Оның үстіне, мамыр айының басында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда қаржыны бөлу рәсімінің өзгергенін хабарлап, дағдарыс жағдайында елде бюджет қаржысына автомобиль мен жиһаз сатып алынбайды деп уәде берген еді. Агенттік анықтағандай, жеңіл көлік, жиһаз сатып алуға арналған лоттар және басқа да көптеген тендерлер мемлекет басшысының уәдесіне, және қазақстандықтар өз туыстарын аман алып қалу үшін өз ақшасына оттегі баллондарын, ӨЖЖ аппараттары мен COVID-19 емделу үшін дәрі-дәрмек сатып алуға мәжбүр болып отырған жағдайға қарамастан өткізіліп жатыр.
Тоқаев бюджет қаржысына жеңіл көлік және жиһаз сатып алудан бас тарту туралы 5 мамырда мәлімдеді, ал 13 мамырда ҚазТАГ Алматы облысы полиция департаментінің әрқайсысы Т4,86 млн тұратын 72 көлікті сатып алуға арналған лотын анықтады – лоттың жалпы сомасы Т349,92 млн. құраған. Жалпы полиция президенттің уәдесіне қарамастан көлік сатып алуда барынша белсенді болып отыр. Мәселен, 21 маусымда белгілі болғаны, Алматы ПД қамауға алынғандарды мінгізуге арналған 23 машина сатып алуға тендер өткізді - Т443,44 млн арналған конкурсты «СарыаркаАвтоПром» ЖШС жеңіп алды. 18 маусымда агенттік хабарлағандай, Ақмола облысы ПД Т46 млн сомаға бес жеңіл көлік сатып алуға ниетті екен – редакция сатып алынатын көліктердің рөл дөңгелегінің былғарыдан болуы, тұтқасында трансмиссия іріктегішінің болуы секілді талаптарына назар аударды. Полиция жариялаған соңғы лоттардың бірі 9 тамызда жексенбі күні шыққан – Қызылорда облысы ПД қара түсті жайлы үш автоны Т42,5 млн. сомаға аламыз деген (қатысуға өтінім беру әлі жалғасуда).
Бұдан басқа, коронавирус жағдайымен, нақтырақ айтсақ, коронавирустен адам өлімінің орын алуымен түсіндіруге болатын кем дегенде бір лот полицияның атынан жарияланды-ау – 28 шілдеде белгілі болғандай, Жамбыл облысы ПД мәйіттерді тасымалдау үшін Т855 мыңға бірден үш тіркеме сатып алмақ ниетте болған (аталмыш лотты белгілі қазақстандық журналист Михаил Козачков байқаған).
Алайда, бюджет қаржысын коронадағдарыс кезінде автобиль сатып алуға жұмсап жатқандар жалғыз полицейлер ғана емес. Мәселен, 9 тамызда ҚазТАГ мемкәсіпорындардың жоспарлары туралы хабарлады – Түлкібастағы агробизнес және туризм колледжі Т11,6 млн сомаға жолсызбен жүретін көлік алмақшы. 9 шілдеде агенттік денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтер қауіпсізідігі мен бақылау комитетінің Т554 млн. сомаға доңғалақтары 4х4 болатын 140 әмбабап көлік сатып алуға лот жариялағанын байқады – комитетте оған себеп коронавирус жағдайы деп ақталған, ал оның жеңімпазы «Азия Авто» АҚ болып шықты. 10 шілдеде белгілі болғандай, Т8,6 млн және Т7,7 млн тұратын екі көлікті Павлодар облысы әкімдігінің кеңсе-сервисі сатып алғысы келетіні белгілі болды – талаптардың ішінде былғары орындық пен сымсыз қуаттау көрсетілген. 17 шілдеде Т16,6 млн тұратын көлікті Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық мәдениет үйінің сатып алғысы келетіні белгілі болды. Тағы екі күннен кейін Тоқаевтың уәдесін ауыл шаруашылық министрлігінің де бұзғысы келетіні анықталды – агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті 20 жеңіл көлік сатып алуға Т79 млн. сомаға лот орналастырған. 23 шілдеде агенттік анықтағандай, Талдықорғандағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебі Т10 млн. сомаға жолсызбен жүретін көлік сатып алмақшы болған.
Ал Алматыда коронавирус жағдайына байланысты жолаушылар тасымалы саны азайып жатқанда жеңіл көлік емес, автобустар алмақ болды, нақтырақ айтсақ, автобустардың қаржылай лизингін – тиісті Т12 млрд астам соманың лотын мемсатып алу порталына «Алматыэлектротранс» ЖШС орналастырған, ол туралы ҚазТАГ 29 тамызда хабарлады. Қомақты шығындар елордалық тасымалдаушылар арасында да байқалды – редакция мемсатып алу порталында «City Transportation Systems» ЖШС-ның, бір кездегі «Астана LRT» компаниясының сыртқы нарықта бағалы қағаздар шығару және орналастыруға Т649 млн жұмсауға дайын екенін байқады, оның үстіне аталмыш конкурстың техникалық ерекшелігінен белгілі болғандай, компания мемлекеттік кепілдікпен шетелден $1 млрд. астам қарыз алғысы келеді екен.
Шенеуніктердің шығындарының тағы бір санаты, коронавирус салдарынан Қазақстанда ғана емес, әлемде барлық жарыстар мен турнирлердің кейінге қалдырылып жатқанына қарамастан – спортқа ақша жұмсаулары. Мәселен, 29 шілдеде агенттікке белгілі болғандай, Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы мамыр мен желтоқсан аралығында үстел теннисін дамытуға Т66 млн астам жұмсауға дайын.
29 мамырда Нұр-Сұлтандағы дене шынықтыру және спорт басқармасы хоккейшілерді дайындауға және олардың турнирлерге қатысуына Т892 млн сомаға тендер жариялаған. Ал 28 шілдеде агенттік аталмыш конкурсты «Барыс» хоккей клубы жеңіп алды деп жариялады. Жалпы хоккейге, белгілі болғандай, қазақстандық шенеуніктер тіпті турнирлердің болмайтынына қарамастан ерекше көңіл бөледі екен, аталмыш қаржыны жеңімпаздар 2020 жылы игеруі тиіс ҚазТАГ хабарлаған кейбір лоттарды мысалға келтірейік: Солтүстік Қазақстан облысының хоккей құрамасын дайындау -Т340 млн (18 шілдедегі материал); Ақмола облысында жас хоккейшілерді дайындау - Т107 млн (29 шілдедегі материалы), бұл ретте аталмыш өңірде өтінімдерді қабылдау аяқталғанға дейін жеңімпаз анықталды – «Арлан хоккей академиясы» ОФ; Ақтөбе облысында хоккейшілерді дайындау - Т268 млн (7 тамыздағы материал).
СҚО-да волейболдан 2020 жылға әйелдер командасын дайындауға Т71 млн астам бөлінген, ол туралы ҚазТАГ 3 тамызда хабарлады, ал 4 тамызда белгілі болғандай, өтінімдерді қабылдаудың ресми мерзімі аяқталғанға дейін жеңімпаз анықталған - «ВК Куаныш» ЖШС. Айта кетерлігі, аталмыш ақпаратты СҚО шенеуніктері «сенімсіз, нақты емес, оқырманды шатастырады» деп тапты, олар хаттарында агенттік қандай да бір қорытындыға келген-міс, шенеуніктер тарапынан жіберілген кемшіліктер туралы мәлімдеді-міс деді – ал жарияланымда кемшіліктердің жіберілген-жіберілмегені туралы қорытынды немесе дәйектердің болған-болмағаны туралы жоғарыдағы сілтемеге өту арқылы оқырман өзі түсіне алады. СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының хатына жауап ретінде ҚазТАГ коронавирус пандемиясы, Қазақстан басшылығы ресми түрде мойындаған экономикалық дағдарыс және Қазақстанда ғана емес, әлемде де спорттық шаралар тоқтатылып жатқан тұста аталмыш конкурсты өткізудің мақсаттылығына, сондай-ақ 2020 жылы Т320 млн сомаға хоккейшілерді дайындауға конкрус өткізудің қажеттілігін түсіндіруді сұраған еді. Аталмыш материал дайындалып жатқанда СҚО шенуніктері аталмыш тендерге сол күйі түсінік берген жоқ.
Шенеуніктердің тіпті коронадағдарыс және жалпыға бірдей өз-өзін оқшаулау кезінде де бас тартқылары келмейтін шығындардың тағы бір бөлігі – бұл спорттық және туристік инфрақұрылым, сондай-ақ көрікті жерлер. Аталмыш саладағы келесі лоттарды агенттік журналистері мемсатып алу порталына мониторинг жасаған кезде анықтады:
- Нұр-Сұлтандағы веложолдардың құрылысына Т4,5 млрд;
-Шығыс Қазақстан облысы Қарауыл ауылында алты тік ұшақ алаңы бар «Абай жолы» саябағының құрылысына Т1,7 млрд;
- Алматыдағы көше дәретханаларына Т178 млн;
- Атырау облысы Есбол ауылындағы саябақты жөндеу жұмыстарына Т70 млн;
- Нұр-Сұлтанда Талдыкөл көлінің оңтүстік-батысындағы туристік бағытын жайластыруға Т1,27 млрд;
- Щучинскідегі спорт сарайының құрылысына Т2,3 млн;
- Түркістан облысындағы «Ордабасы» визит-орталығының құрылысына Т878 млн;
- Нұр-Сұлтандағы флагшток аумағын жайластыру және абаттандыруға Т1,42 млрд;
- Нұр-Сұлтанда Ильинка және Железнодорожныйда екі дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салуға жалпы Т3 млрд сомаға екі лот;
- Балқаш қаласындағы саябақты жайластыруға Т64 млн;
- Қарағандыда саябақты жайластыруға Т27 млн;
(...)
Сонымен қатар, атап өтелік, ҚазТАГ ХАА жарияланымдарынан кейін, бірең-сараң болса да мемлекеттік сатып алудан бас тартқан жағдайлар да кездесті. Мәселен, Павлодар облыстық әкімдігі Т16 млн сомаға екі автобиль сатып алудан бас тартты, Қазақстан қаржы министрлігі де имиджі мен БАҚ-та жұмысы туралы хабар таратуға арналған шығындарынан бас тартты, ал «Шағын және орта бизнес инвестициялық қоры» ЖШС iPhone және Apple басқа техникасын сатып алуға арналған лотына келсек, оларға қатысты алаяқтық күдігімен тергеу басталды.

adimage