Нетаньяху алты елдің өз елшіліктерін Иерусалимге көшіруге дайын екендерін мәлімдеді

Алматы. 20 сәуір. ҚазТАГ - Израиль премьер-министрі  Биньямин Нетаньяху алты мемлекеттің өз елшіліктерін Иерусалимге көшіруге дайын екендерін мәлімдеді, деп хабарлады «Известия» басылымы.
«Алты ел бізбен елшіліктерін Иерусалимге көшіру туралы нақты сөйлесті.   Гватемалеге рақмет, осындай қадам жасағаны үшін. Енді басқалары да сіздің артыңыздан еретін болар», - деп келтіреді   Б. Нетаньяхудың сөздерін  The Times of Israel басылымы.
Хабарда атап өтілгендей, 18 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Америка елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруді «асыға күтіп жүргенін» мәлімдеген болатын.  
Еске салсақ, Д. Трамп 2017 жылғы желтоқсанда Иерусалимді Израиль астанасы деп тану туралы жариялады. Осыдан кейін Палестина-Израиль қақтығысы ушығып кетті. Израиль  Иерусалимді өзінің астанасы деп санайды, ал Палестина қаланың шығыс бөлігіне үміткер.   Осының салдарынан палестиналықтардың израилдықтармен қақтығысы жиі өтуде.  

adimage