Назарбаев Саргсянды Армения премьері болып тағайындалуымен құттықтады

Астана. 19 сәуір. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Серж Саргсянға Армения Республикасының премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Сіздің саяси тәжірибеңіз бен кәсіби біліктілігіңіз Армения Республикасының өркендеуі мен дамуына септігін тигізетініне сенімдімін. Қазақстан мен Армения арасында орныққан достық ниеттегі қатынастар екі ел халықтарының игілігі жолында нығая түседі деп ойлаймын. Сізге зор денсаулық және осы жауапты қызметте жаңа табыс, ал достас Армения халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеймін», - деп жазылған бейсенбіде Н.Назарбаевтың құттықтау жеделхатында.  
Еске салсақ, С. Саргсян үкімет басшысы қызметіне 17 сәуірде тағайындалған.  2015 жылы қабылданған ел Конституциясына жасалған түзетулерге сәйкес 2018 жылдан бастап Армения премьер-министрі ресми түрде мемлекет басшысы болады. 2008 - 2018 жылдар аралығында  С. Саргсян Армения президенті болып келді. Одан кейін бұл қызметке Армен Саркисян тағайындалды, ол да сол түзетулерге сәйкес өкілдік қызметтерге ие болады.  
Бір рет жеті жылдық мерзімге ғана сайлана алатын президентке қарағанда Арменияда премьер-министр тағына шексіз сайлана алады.  
Атап өтелік С.Саргсянның тағайындалуы оппозиция тарапынан жаппай наразылық тудырды, олар Арменияда көптеген наразылық акцияларын өткізді.  


adimage