Назарбаев Хельсинкидегі Карл Маннергейм бейіті мен «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қойды

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Карл Маннергейм бейіті мен «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.  
«Мемлекет басшысы Финляндия Республикасына ресми сапарының соңында «Хиетаниеми» мемориалды кешеніндегі Карл Маннергейм бейітіне және фин солдаттарының бауырластар зиратына орнатылған «Батырлар кресі» ескерткішіне гүл шоғын қойып, фин халқының қаза тапқан перзенттерінің рухына тағзым етті», - делінген сәрсенбідегі Ақорда хабарында.
Гүл шоғын қою салтанатты рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясы мүшелері де қатысты.  

adimage