Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Италия Республикасының Президенті Серджо Маттареллаға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Президенті Италияның солтүстігіндегі Генуя қаласында автожол көпірінің опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады», - делінген сәрсенбіде Ақорда сайтындағы хабарда.
«Қазақстан халқының және жеке өз атымнан ауыр қайғыға ортақтасып, қайтыс болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Италия халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін», - делінген хабарда
Еске салсақ, ТЖ 14 тамыз күні ертеңгісін А10 автожолында болған. Көпір арқылы 35 жеңіл көлік пен 3 жүк көлігі өтіп бара жатқан. Көліктер 70 м биіктіктен құлаған.
Италияның жол инфрақұрылымына қызмет көрсетететін Autostrade per l'Italia компаниясы аталмыш жәйттің нысанды жабуды нығайту бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде орын алғанын мәлімдеді.
Соңғы ақпар бойынша 31 адам опат болған. Көбі ауыр жарақат алған.
15 тамызда ҚР сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадьяров Италиядағы Генуяда көпірдің құлауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ деп мәлімдеді.
Қатысты сілтемелер
-
KASE саудасында теңгенің орташа бағамы Т1,35-ке өсіп, Т446,77 болды29 Наурыз 2024, 17:43
-
Кіші медициналық персоналдың жалақысы төрт жылда екі есеге артады - Дүйсенова29 Наурыз 2024, 17:35
-
Ақтөбе облысында Ақтөбеден басқа тағы төрт ауданда ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:20
-
Көкшетауда су тасқыны салдарынан ТЖ режимі жарияланды29 Наурыз 2024, 17:06
-
Маңғыстауда теңіз жағалауынан 40 итбалықтың өлексесі табылды29 Наурыз 2024, 16:08