Нариман Құрбанов Францияда өткен спорттық гимнастика турнирінен «күміс» жеңіп алды

Астана. 26 қыркүйек. ҚазТАГ – Қазақстандық Нариман Құрбанов Францияда өткен спорттық гимнастика турнирінен «күміс» жеңіп алды, деп хабарлады Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен.
«Спорттық гимнастикадан Қазақстан командаларының көшбасшыларының бірі Нариман Құрбанов Парижде Әлем кубогінің кезеңінде екінші болды. Ол аттан секіру жаттығуында күміс медаль иемденді. Оның нәтижесі - 14.450 балл», - делінген жексенбідегі хабарда.
Бірінші орын ирландиялық Рис МакЛенаганге (15.100) бұйырды. Үшінші орында Тайбэядан келген Шао Ю Ян (14.350).

adimage