Нөсер жауын салдарынан Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 13:01, 14-08-2019.

Астана. 14 тамыз. ҚазТАГ – Нөсер жауын салдарынан Солтүстік Қазақстан облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Күндіз 15 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. 15-16 тамызда кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15 тамызда екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 15-16 тамызда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі», - делінген сәрсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.


Жаңалықтармен бөлісу: