Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымында қалды

   Астана.2 желтоқсан.ҚазТАГ- Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымында қалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
   «Мемлекет басшысының жарлығымен Нұржан Молдиярұлы Нұржігітов Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды»,- делінген жұма күнгі хабарламада.
   Нұржігітов алғаш рет 2022 жылдың сәуір айында Жамбыл облысы әкімі қызметіне тағайындалды, бұған дейін 2021 жылдың сәуір айында Жамбыл облысының әкімінің орынбасары қызметін, ал одан бұрын 2019 жылдың тамыз айында Жамбыл облысының Байзак ауданының әкімі болып қызмет атқарған.

adimage