«Нұрлы жер» мембағдарламасы бойынша алдағы бес жылда 76 млн ш.м. тұрғын үй салу жоспарлануда

Астана. 18 қазан. ҚазТАГ – Оксана Скибан. «Нүрлы жер» мембағдарламасы бойынша алдағы бес жылда 76 млн ш.м баспана салу жоспарлануда, деп хабарлады қаржы министрі Әлихан Смаилов.  
«Тұрғын үй ипотекасына қол жетімділікті арттыру және ҚР-дағы тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда. Оны жүзеге асыру мерзімін президент тағы бес жылға ұзартты. Алдағы бес жылда Қазақстанда мембағдарлама бойынша 650 мыңнан  астам баспана салу жоспарлануда - бұл шамамен 76 млн ш. м., ол дегеніңіз шамамен 2 млн азаматты баспанамен қамтуды білдіреді. 100 мыңнан астам отбасы баспаналы бола алады», - деп мәлімдеді Ә.Смаилов бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.  
Еске салсақ, 5 қазанда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдауын таныстыру барысында бір жыл ішінде 2030 жылға дейін елдің аумақтық даму картасын әзірлеуді тапсырды. Ол өңірлік даму аспектілерін «Нұрлы жер» және «Нұрлы жол» мембағдарламаларында ескеру керектігін атап өтті, оларды жүзеге асыру оның айтуынша, 2025 жылға дейін ұзартылған болуы керек.  

adimage