Астана. 21 сәуір. ҚазТАГ – Бас прокурор Ғизат Нұрдаулетов Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзудың 33%-ға қысқарғанын баяндады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Президент Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Мемлекет басшысына еліміздегі заңдылық пен құқық қорғау саласының ахуалы, прокуратура органдарының бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қорытындылары туралы баяндалды. Президентке қылмыстық процестің үш буынды моделіне көшудің бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері туралы ақпарат берілді. Ғизат Нұрдәулетовтің айтуынша, сотқа дейінгі тергеу органдары прокурорлармен негізгі шешімдерін келісудің арқасында азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу 33 пайызға азайған», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Мемлекет басшысына кәсіпкерлерді мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғау, прокурорлық қадағалауды бизнестің проблемаларын тиімді шешуге қайта бағдарлау бойынша берілген тапсырмаларды орындау жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы айтылды.
«Бас прокурордың сөзінше, жыл басынан бері 22 мың кәсіпкердің құқығы қорғалған, 357 заңсыз тексеру мен мемлекеттік органдардың 56 актісі жойылған. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамның барлық саласында заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, Ғизат Нұрдәулетовке бірқатар тапсырма берді», - деді Ақорда.
Қатысты сілтемелер
-
Семейде скверлерді, саябақтарды күтіп ұстауға Т2,3 млрд жұмсауды жоспарлауда24 Сәуiр 2024, 15:34
-
Ресей аумағынан келетін су көлемінің көптігі Жайық өзенінің толуына ықпал етеді24 Сәуiр 2024, 15:23