Астана. 7 тамыз. ҚазТАГ – «Жастар» сарайына қарама-қарсы жаңа арбат пайда болады, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.
«Жастар» сарайына қарама-қарсы жаңа арбат пайда болады. Ж.Омаров жаңа жаяу жүргіншілер көшесінде 2 субұрқақ салу жоспарланған. Бүгінгі таңда Ж.Омаров көшесі Республика даңғылынан Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрына дейін абаттандырылуда. Бірінші кезең – Әуезов көшесіне дейінгі аймақ биыл аяқталады. Бейбітшілік көшесіне дейінгі бөлікті келесі жылы аяқтау жоспарлануда. Жоба бойынша Республика даңғылынан Әуезов көшесіне дейін субұрқақты қайта құру қарастырылған. Жаңа субұрқақ кешені «Халықтар Достығы» монументінің айналасында салынады. Одан субұрқақпен аяқталатын жасанды ағын пайда болады. Ағынның бойында су аттракциондарын салу жоспарлануда. Тағы бір субұрқақ Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық-драма театрының жанында пайда болады», - делінген жұмадағы хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, бұл аумақта шағын сәулет нысандары, инсталляциялар, веложол, көлеңкелі шатырлар қойылады. Сауда павильондарын, ойын аймақтары мен балалар алаңдарын салу қарастырылған
«Бұл жұмыс «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспары шеңберінде жасалуда. Ол жаяу жүргіншілерге жағдай жасау, көп орталықтылыққа бағытталған тәсілдерді енгізу, жасыл желектер мен веложолдар санын ұлғайту, көпірлер, қоғамдық кеңістіктер салуды қарастырады», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанның 11 облысында дауылды ескерту жарияланды19 Сәуiр 2024, 18:02
-
Жапаровтың Қазақстанға сапарының қорытындысы бойынша 10 ға жуық құжатқа қол қойылды19 Сәуiр 2024, 16:57
-
Екіжақты келіссөздер өзара байланыстарды одан әрі дамытуға жол ашады- Тоқаев19 Сәуiр 2024, 15:48